Маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды, жұмыстарды және
қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 15 маусымдағы N 648 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар мынадай тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi берушi болып белгiленсiн:
1) мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң әлемдiк ақпараттық жүйелер мен ақпараттық pecуpcтарға бiрiгуi мақсатында олардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
2) Республика Үкiметiнiң веб-порталдарын және мемлекеттiк органдардың веб-сайттарын құру мен техникалық сүйемелдеу;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына бiрiктiрiлетiн мемлекеттiк органдардың бағдарламалық-ақпараттық құралдарына жүйелі-техникалық қызмет көрсету, ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерi мен дерекқорларын құру мен сүйемелдеу;
4) мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi қалыптастыру, дамыту, сүйемелдеу кезiнде жобаларды ұйымдық-техникалық қолдау және басқару;
5) бiрыңғай коммуникациялық ортаны және мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың өзара iс-қимыл жүйесiн құру мен техникалық қолдау;